Фатма Сөнмез: «Жаралылар тез сауығып кетсін, Алла ата жұртымызды қорғасын»

Түрік азаматшасы жалпыұлттық аза тұту күнінде қазақстандық бауырларына тілеулестігін білдірді  

29 тамыз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны белгілі. Осындай қаралы күнде Түркияның  Кырыккале қаласының тұрғыны Фатма Сөнмез Қазақстанның көк туын үйінің балконына іліп, азалы күнде қазақ бауырларымен бірге екендігін білдірді.

Фатма Сөнмез өз сезімін былайша бөлісті:

«Қазақстанда болған жарылыс салдарынан шейіт болған жауынгерлер мен қазақ бауырларымыздың қазасына қатты қайғырдым. Алла Тағала олардың отбасыларына сабыр бергей. Қазақстан – менің ата жұртым, Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы, баршамыздың қара шаңырағы. Егер ата жұртымда менің бір бауырымның қолына тікен батса, мен оның ауыртпалығын сезінемін. Жаралылар тез сауығып кетсін, Алла ата жұртымызды қорғасын. Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына және барлық қазақ бауырларыма сәлемімді жолдаймын. Олардың ауыртпалығын жүрегіммен бөлісемін. Мен ол жерге барып, оларға қолдау көрсете алмайтындықтан, өз үйімнің балконына ата жұртымның көк туы мен өз елімнің ай мен жұлдызды туын іліп, олармен бірге екенімді білдіргім келді».

Доктор Фатма Сөнмез денсаулық сақтау саласының қызметкері болып табылады және 27 жыл бойы Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының дамуына өзінің жеке жобаларымен ерікті түрде үлес қосып келеді.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *