А.Қасенғали - Ходжалы әзербайжан халқының жаңа заман дәуіріндегі ең ірі қайғысы

Бұл ескерткіш Бакуде тұр. “Ананың жанайқайы” деп аталады.
Ескерткіште баласының мүрдесін көтеріп, жылап тұрған ана, Ходжалы жазуы, бір жақ бетінде қаза тапқандардың есімдері, бір жағында сол сұмдық оқиғадан көрініс бейнеленген.
1992 жылы армян басқыншылары 26-ақпанда Әзербайжанның Ходжалы қаласын басып алып, қан қасап қырғын жасады. Шахановша айтсақ
Безбүйрек жау сәбилерді,
шал – шауқанды,
кемпірді,
Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді.
Аяусыз қырды. Тұтастай отбасылар жоқ болып кетті. 613 адам қаза тауып, 150 адам із-түссіз жоғалып кетті. Әлі табылған жоқ. Не өлгені, не тұтқынға түсіп, азап шеккені белгісіз.
Ходжалы әзербайжан халқының жаңа заман дәуіріндегі ең ірі қайғысы. Бүгін президент бастаған он мыңдаған әзербайжандық “Ананың жанайқайы” ескерткішіне барады. Қайғы да ұлтты ұйыстыратынын осыдан көруге болады. Қаза тапқан жазықсыз жандардың жаны жаннатта болсын.
ПыСы: Биыл біздегі 1921 жылғы аштыққа 100 жыл, ал 1931-33 жылғы геноцидке 90 жыл. 31-мамырда президентіміз өзі мыңдаған адамды ертіп, ескерткішке гүл қойса дұрыс болар еді. 30 жылдықта солай істемесе, қашан істейді?
Асхат Қасенғалидің facebook парақшасынан
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *