2021 жыл – Әзербайжанда «Низами Гәнжауи жылы» деп жарияланды

Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасында 2021 жылды «Низами Гәнжауи жылы» деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. 2021 жылы ұлы ақын әрі ойшыл Н.Гәнжауидің туғанына 880 жыл толуы аталып өтіледі.
Бұл туралы Әзербайжан Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай, Президент Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасының Министрлер Кабинетіне Низами Гәнжауи жылын атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспарын дайындау және жүзеге асыруды тапсырды.

Айта кету керек, ұлы ақын, ойшыл Низами Гәнжауи 1141-1209 жылдары Гәнжа қаласында өмір сүріп, артына өшпес мол мұра қалдырған тұлға. Оның әйгілі «Хамсе» туындысы Әзербайжан поэзиясының інжу-маржаны болып саналады.

TWESCO

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *