Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің 2021 жылды әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Низами Гәнжауидің 880 жылдық мерейтойына орай «Низами Гәнжауи жылы» деп жариялауы бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға ретінде ерекше ықыласпен қабылданды.
Халықаралық Түрік академиясы Мемлекет басшысының аталған шешімін жоғары бағалап, қолдау білдіре отырып, ұлы ақын әрі ойшыл Н.Гәнжауидың 880 жылдық мерейтойын атап өтуді ұйымның 2021 жылғы жұмыс жоспарына енгізді.
Низами Гәнжауи өзінің ғажайып туындылары арқылы Әзербайжан және түркі әлемі үшін ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына баға жетпес мол мұра қосқан тұғырлы тұлға. Оның шығармашылығын зерттеу және оны бүкіл әлемге насихаттау Халықаралық Түрік академиясының басым бағыттарының бірі болып саналады.
Айта кету керек, академия 2018 жылы «Түркі әлемінің әдебиеті» сериясы аясында шығарған «Әзербайжан әдебиетінің антологиясы» жинағын ұлы ақынның шығармаларымен бастаған болатын. Өткен жылдың 30 желтоқсанында ұлы ақын мұраларын жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде кеңінен насихаттайтын Низами Ганжауи халықаралық оралығы мен Халықаралық Түркі академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы орайда 2021 жылы бірқатар халықаралық деңгейдегі бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Біз Низами Гәнжауи жылы аясында өткізілетін іс-шаралар түрлі халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалогты, толеранттылықты және татулықты нығайтатын халықаралық ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналып, ұлы ойшыл мұрасын терең зерделеуге елеулі үлес қосады деп ойлаймыз.
Халықаралы Түркі академиясының президенті
Дархан Қыдырәлі