Түркі академиясының басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесіп, Мемлекет басшысының халықаралық ұйым басшыларымен арнайы кездесуіне қатысты.

Ресми кездесу барысында Академия басшысы Садыр Жапаровты Мемлекет басшысы қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі жаңа Президентке Академияның қырғыз еліне қатысты атқарған іс-шаралары жөнінде айтып, алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Айта кету керек, Қырғыз президентімен кездесуге Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, Халықаралық Түркі академиясының, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Еуропалық Одақ, АӨСШК, ТМД Атқарушы комитетінің ҰҚШҰ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының және Еуразиялық даму банкінің басшылары мен өкілдері қатысты.

 

TWESCO

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *