Белгілі журналист, ақын-импровизатор Зейнолла Рамазанұлы 69 жасында дүние салды

25 шілде белгілі журналист, ақын-импровизатор, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әкімжанов Зейнолла Рамазанұлы 69 жасында дүние салды.

Зейнолла Әкімжанов 12.07.1951 жылы СҚО Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Алматыдағы ҚазГУ-ді (қазіргі Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық университетін ) бітірген (1974 ж). 1974-75 ж. Қазақстан ҒА-ның М.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.

1975 жылдан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі, соңғы жылдары бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарды.

С.Есенин, М.Цветаева, Н.Гумилев және жерлесі В.Шестериков сынды орыс ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударған.

Әкімжанов республикалық және облыстық айтыстарға қатысып, жүлдеге ие болған. “Жер ұйық” (1993), “Мейзам шуақ” (2001) атты кiтаптардың авторы.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *