белгілі шежіреші Жұмабаев Социал Жұмабайұлы дүние салды

24 шілдеде 83 жасында белгілі шежіреші, өлкетанушы, зерттеуші Жұмабаев Социал Жұмабайұлы дүниеден өтті.

Жұмабаев Социал Жұмабайұлы 01.07.1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Молалы ауылында дүниеге келді. Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі (1980). 1962 ж. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. 1962-70 ж. Преснов ауданының “Үлгі” орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 1970-85 ж. Жамбыл ауд. халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, 1985-95 жылдары оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағы ауданандық комитетінің төрағасы, күндізгі және сырттай оқитын кешкі орта мектептің директоры, Жамбыл аудандық «Ауыл арайы» газетінің жауапты хатшысы, 2001 жылдан Солтүстiк Қазақстан облысы өлкелік мұражайының «Асыл мұра» орталығының қызметкері болы қызмет атқарды.

«Арманды ақын», «Сегіз сері» (2 т.), «Қожаберген жырау» кітаптарын құрастырған. «Тоқсан би», «Бір әулеттің тарихы», «Мәлік Айдарбеков», «Шағырай шешен», «Туған елдiң шежiресi», «Бiржан салдың белгiсiз ғұмыры» кітаптарының авторы.

Мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталған.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *