А.Құрметұлы: "Осы жолғы арандатудың жөні бөлек"

Әрине соңғы апталарда “байтал түгіл, бас қайғы” болып кеткеніміз рас. Елімізде локдауннан бұрын медицина саласы нокдаун алған-ды. Бірақ бұл біздің түркі әлеміндегі оқиғаларға назар аударуымызға кедергі болмақ емес.

Ал өткен аптаның соңынан бері түркі әлеміндегі оқиғалардың ішінен бауырлас Әзербайжан еліндегі жағдай бірден елең еткізді. Әңгіме сол баяғы Армениямен текетірес. Екі ел қазір кең көлемді ұрысқа кірісудің аз-ақ алдында тұр. Дау армяндардың әзербайжан шекарашылары мінген көлікті атқылауынан шығыпты. Оқиға 12 шілдеде болды. Одан соң екі жақ артиллериядан оқ жаудырысса керек. Атыс бірде тоқтап, бірде қайта басталып, әлі күнге дейін болып жатыр. Түріктер Әзербайжанды қолдайтынын білдірді. Бүгін Түркия қорғаныс миристрі Хулуси Акар мәлімдеме жасады. Өзге түркілер “алаңдаймыз” дестік.

Жалпы масс-медиа әзербайжан мен армян әскерилерінің атысып қалғаны жайлы жиі жазады. Бірақ осы жолғы арандатудың жөні бөлек. Өйткені қақтығыс Әзербайжанның Товуз қаласының төңірегінде болған. Армяндар қаланы атқылапты. Бұл қала Таулы Қарабақ аймағында емес. Әзербайжанның солтүстік батысына қарай орналасқан. Бізге таныс Ғазақлы-Қазақ ауданына жақын. Өткен мыңжылдықтың басында Гүржі патшасы Давидтің тірегі болған қыпшақ батырлары қоныс қылған аймақ. Оғыз-қыпшақ ұландарының Кавказда атойлаған кезіне куә болған мекен. Сөйткен Товуз маңайында армяндар шекарада арандатып, әзербайжанның жоғары шенді екі офицерін мерт қылыпты. Бауырлар да еруліге-қарулы деп біраз қарудан оқ жаудырса керек. Мерт болғандар жайлы деректер нақты емес, әртүрлі. Ал орыс медиасы Ресейді бітімгер болуға жарайтын ел ретінде көрсетіп жатыр. Ал іс жүзінде басқа екені баршаға мәлім. Өз басым Әзербайжан медиасы бөліскен төмендегі видеодан біраз жайды аңғардым. Видеода дрондардың шабуылы көрсетілген сияқты. Демек ендігі ұрыстарда дрондар кең қолданылатын болады. Ол қарумен қатар сес көрсететін, психологиялық салмағы бар құралға айналып барады. Сонымен қатар бұл видео түріктердің 2020 жылдың ақпан-наурызында, сәуірде Сирия мен Ливияда көрсеткен “өнерін” еске түсіреді. Әрине бұл әзербайжан әскері үшін кәдімгідей тәжірибе. Олар өздеріндегі пилотсыз ұшатын құралдарды нақты істе сынап жатыр. Менің білуімше Әзербайжан әскерінде Израильде жасалған дрондар бар. Түріктер Anka S пен Bayraktar TB2 дрондарын Бакуге береді дегенді естігем. Бірақ әлі бермеген болуы керек. Өйткені ақпараттар биыл шықты. Бұл қақтығыстың теникалық астары. Одан бөлек саяси мәні де бар.

Товуздағы қақтығыстың келесі бір жағы- Ереванның Таулы Қарабақ аймағынан тыс жерде арандатуы. Армяндар сол арқылы Қазақстанның да буынсыз жерінен пышақ ұрғысы келетін сияқты. Яғни Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арқылы бізге “одақтас ретінде бізді қолдауың керек” дегісі келетін тәрізді. Әрине әзірге Ереван мәселені ҰҚШҰ-ға шығара қойған жоқ. Бірақ Товуз төңірегінде ұрысты бастауы сондай айлаға ұқсайды. Шамасы түркі бірлігіне сына қағуды көздейтін болса керек. Алайда Қазақстан билігі ондай қақпанды баспаудың жолын табатын шығар деп ойлаймын.

Өз басым жаһан пандемиямен күресіп, алағай-бұлағай болып жатқанда Әзербайжан армиясының қарсыластарды “тепкілеп” алғаны жөн шығар деген пікірдемін. Қазір Әзербайжан әскерінің қуаты, техникалық тұрғыда қамтамасыз етілуі Армениядан ондаған есе артық. Оның үстіне осы жолы Ереван сылтау айта алмайды. “Қарабақтағы армяндар бізді тыңдамайды” деп. Өздері ұрыс бастаған. Демек қарымта мықты болуы керек. Онсыз Таулы Қарабақты қайтарып алуға деген үміт азая береді. Бірнеше буын алмасса, “сол жерді бере салыңдаршы, несіне қырқысып жүрсіңдер” дейтін саясаткерлер билікке келуі мүмкін. Ол кезде тым кеш болады. Сондықтан Түркия сияқты алдымен сабап алып, содан соң келіссөз жасайтын тәсілді пайдаланған жөн шығар. Наурыздың басында Ердоған тура солай жасап еді. “Төбелескен бала” Ресей болатын. Дәл осы амалды Бакудің де пайдаланып қалуына болады. Бұл менің жеке ойым.

Ал Товуз төңірегіндегі ұрыста шаһид кешкен әзербайжан сарбаздарын Алла рақымына бөлесін! Олар қарулы майданда жастықтарын ала кеткендер.

(Мәтін автордың фэйсбук парақшасыан алынды )

 

Әрине соңғы апталарда "байтал түгіл, бас қайғы" болып кеткеніміз рас. Елімізде локдауннан бұрын медицина саласы нокдаун алған-ды. Бірақ бұл біздің түркі әлеміндегі оқиғаларға назар аударуымызға кедергі болмақ емес. Ал өткен аптаның соңынан бері түркі әлеміндегі оқиғалардың ішінен бауырлас Әзербайжан еліндегі жағдай бірден елең еткізді. Әңгіме сол баяғы Армениямен текетірес. Екі ел қазір кең көлемді ұрысқа кірісудің аз-ақ алдында тұр. Дау армяндардың әзербайжан шекарашылары мінген көлікті атқылауынан шығыпты. Оқиға 12 шілдеде болды. Одан соң екі жақ артиллериядан оқ жаудырысса керек. Атыс бірде тоқтап, бірде қайта басталып, әлі күнге дейін болфп жатыр. Түріктер Әзербайжанды қолдайтынын білдірді. Бүгін Түркия қорғаныс миристрі Хулуси Акар мәлімдеме жасады. Өзге түркілер "алаңдаймыз" дестік. Жалпы масс-медиа әзербайжан мен армян әскерилерінің атысып қалғаны жайлы жиі жазады. Бірақ осы жолғы арандатудың жөні бөлек. Өйткені қақтығыс Әзербайжанның Товуз қаласының төңірегінде болған. Армяндар қаланы атқылапты. Бұл қала Таулы Қарабақ аймағында емес. Әзербайжанның солтүстік батысына қарай орналасқан. Бізге таныс Ғазақлы-Қазақ ауданына жақын. Өткен мыңжылдықтың басында Гүржі патшасы Давидтің тірегі болған қыпшақ батырлары қоныс қылған аймақ. Оғыз-қыпшақ ұландарының Кавказда атойлаған кезіне куә болған мекен. Сөйткен Товуз маңайында армяндар шекарада арандатып, әзербайжанның жоғары шенді екі офицерін мерт қылыпты. Бауырлар да еруліге-қарулы деп біраз қарудан оқ жаудырса керек. Мерт болғандар жайлы деректер нақты емес, әртүрлі. Ал орыс медиасы Ресейді бітімгер болуға жарайтын ел ретінде көрсетіп жатыр. Ал іс жүзінде басқа екені баршаға мәлім. Өз басым Әзербайжан медиасы бөліскен төмендегі видеодан біраз жайды аңғардым. Видеода дрондардың шабуылы көрсетілген сияқты. Демек ендігі ұрыстарда дрондар кең қолданылатын болады. Ол қарумен қатар сес көрсететін, психологиялық салмағы бар құралға айналып барады. Сонымен қатар бұл видео түріктердің 2020 жылдың ақпан-наурызында, сәуірде Сирия мен Ливияда көрсеткен "өнерін" еске түсіреді. Әрине бұл әзербайжан әскері үшін кәдімгідей тәжірибе. Олар өздеріндегі пилотсыз ұшатын құралдарды нақты істе сынап жатыр. Менің білуімше Әзербайжан әскерінде Израильде жасалған дрондар бар. Түріктер Anka S пен Bayraktar TB2 дрондарын Бакуге береді дегенді естігем. Бірақ әлі бермеген болуы керек. Өйткені ақпараттар биыл шықты. Бұл қақтығыстың теникалық астары. Одан бөлек саяси мәні де бар.Товуздағы қақтығыстың келесі бір жағы- Ереванның Таулы Қарабақ аймағынан тыс жерде арандатуы. Армяндар сол арқылы Қазақстанның да буынсыз жерінен пышақ ұрғысы келетін сияқты. Яғни Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арқылы бізге "одақтас ретінде бізді қолдауың керек" дегісі келетін тәрізді. Әрине әзірге Ереван мәселені ҰҚШҰ-ға шығара қойған жоқ. Бірақ Товуз төңірегінде ұрысты бастауы сондай айлаға ұқсайды. Шамасы түркі бірлігіне сына қағуды көздейтін болса керек. Алайда Қазақстан билігі ондай қақпанды баспаудың жолын табатын шығар деп ойлаймын. Өз басым жаһан пандемиямен күресіп, алағай-бұлағай болып жатқанда Әзербайжан армиясының қарсыластарды "тепкілеп" алғаны жөн шығар деген пікірдемін. Қазір Әзербайжан әскерінің қуаты, техникалық тұрғыда қамтамасыз етілуі Армениядан ондаған есе артық. Оның үстіне осы жолы Ереван сылтау айта алмайды. "Қарабақтағы армяндар бізді тыңдамайды" деп. Өздері ұрыс бастаған. Демек қарымта мықты болуы керек. Онсыз Таулы Қарабақты қайтарып алуға деген үміт азая береді. Бірнеше буын алмасса, "сол жерді бере салыңдаршы, несіне қырқысып жүрсіңдер" дейтін саясаткерлер билікке келуі мүмкін. Ол кезде тым кеш болады. Сондықтан Түркия сияқты алдымен сабап алып, содан соң келіссөз жасайтын тәсілді пайдаланған жөн шығар. Наурыздың басында Ердоған тура солай жасап еді. "Төбелескен бала" Ресей болатын. Дәл осы амалды Бакудің де пайдаланып қалуына болады. Бұл менің жеке ойым. Ал Товуз төңірегіндегі ұрыста шаһид кешкен әзербайжан сарбаздарын Алла рақымына бөлесін! Олар қарулы майданда жастықтарын ала кеткендер.

Опубликовано Amangeldi Qurmetuly Вторник, 14 июля 2020 г.

 

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *