МАМЕДОВТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

Мамедов Рашад – Әзірбайжанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі.

Әлқисса, фейсбуктағы соңғы екі-үш жазбамыз Таулы Қарабақтағы соғысқа, Жері үшін жан беріп, қан төгіп жатқан Әзірбайжан халқына арналған еді.

Соларды көздері шалған білем, бүгінгі бриффиңге бізді де шақырыпты Әзірбайжан елшілігі.

Бардық. Елшіні тыңдадық. Екі сағаттан астам ресми тілде төкті шабаз.
Өзіміз сөйлемейтін қазақ тілінде әзірбайжандар сөйлемеді деп қалай өкпелейсің?!

Бриффиң бітіп, бейресми бөлім басталғанда бес-алты жігіт боп Елшіні қоршап алдық. Рәшекең со кезде көсілді дейсің:

📌 Менің қаһарманым – менің Президентім. Басына күн туғанда кез-келген Ұлт тас түйін бірігеді. Десек те, бәрінің қарайтын бағыты – Басшы. Илхам Әлиев – менің қаһарманым, ондай командирдің қол астында соғысып өлу – абырай, мәртебе!

📌 Мен Ереванда туған әзірбайжанмын. Бұл дүрбелең маған бала кезімнен таныс. Әкемді Гәнжәға жер аударды, тоз-тозымыз шығып біз де кеттік. Әскерге алындым, армянмен соғыстым. Қан төктім, жерім үшін өлгім келді, ондай бақ бұйырмады. Сіздермен жүздесу нәсіп болған ғой.

📌 Илхам Әлиев айтады: Мен ешкімге звондаған жоқпын. Мыңдаған қоңырау келді, еш бірін қабылдамадым, ешкіммен сөйлескен жоқпын. Менің елім соғысып жатыр, басқаның сөзін, айтқан басуы мен шақырған сабырын тыңдап, жайбарақат отыратын кез емес -, дейді. Бұл соғыстың маңызын түсінуге осы деталь да жеткілікті секілді.

📌 Кеше Суговушанда бір сарбаздың армян жалауын лақтырып, Әзірбайжан байрағын көтеріп жатқанын көрген кезде Мен жыладым. Өксіп, рахаттанып жыладым. Мен сол жерде, сол майданда соғыстым. Менің талай жылғы арманым, талай түнгі мазалайтын ар, ұятым еді.
Ту көтерілгендегі сезімді ешқашан ұмытпаймын!

📌 Балама көрсеттім сол видеоны: Әкең өлуге де дайын болды осы Туды көтеру үшін. Бірақ, көтере алмады. Ажал жетпеді, өлмедім. Аллаға шүкір, ақыры, көзім көрді: енді ол Ту ешқашан ауыспайды, түспейді!

📌 Соғыс өтеді, ақыры бітеді. Бірақ, кім қасыңда болды, кім іргесін аулақ салды, ұмытпайсың.

📌 Бұл соғыс, соғыс емес бұл – бұл соғыстан да күшті нәрсе. Бұл – абырой, намыс, қан, Әзірбайжанның басты мәселесі дәл қазіргі. Біз әлде өлеміз, әлде абыроймен өмір сүреміз. Үшінші жол жоқ!

📌Қаныңды төгіп – жеріңді сақтаудан асқақ мәртебе болушы ма еді еркек үшін?

Менің Маңғыстаудан екенімді біліп мәз болды Рашад елші. Сегіз жыл Ақтауда консул болғанын айтып көзі жайнап кетті.

📌 Қазақтың асқан етін қатты жақсы көрем. Кейде өзім де үйде ет асып, қуырдақ қуырам. Жазда өтпіскіде Бакуда болғанда Қазақстаннан жылқының етін бірнеше рет алдырдым, дәмі ғажап. Маңғыстаудың шұбатына әбден үйреніп алдық, әлі күнге Ақтаудан шұбат алдырып ішем.

 

Алмас Алтай

(Жазба автордың ФБ паақшасынан алынды)

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *