COVID-19 пандемиясына жауап ретінде АҚШ-тың шетел елдерге көрсетілетін жәрдемі

Қазақстан: Медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін бөліңген 800,000  АҚШ доллардан астам қаражат зертханалық жүйелерді дайындауға, жұқтыру жағдайларды тіркеу жөніндегі жұмысты күшейтуге, оқиғаға негізделген эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге, техникалық сарапшыларды жауап беру мен дайындықты қамтамасыз ету шараларында қолдауға, қауіп-қатерлер туралы ақпарат беруге және т.б. көмектеседі. Бұл жаңа көмек АҚШ-тың денсаулық сақтау саласына 86 миллион АҚШ доллардан астам инвестицияға және соңғы 20 жылдағы 2 миллиард АҚШ доллардан астам көмекке негізделген.

 

АҚШ Мемлекеттік департаменті
Баспасөз хабарламасы
Майкл Помпео, Мемлекеттік хатшы
26 наурыз, 2020 жыл

 

АҚШ Үкіметі ел ішінде және шетелде COVID-19 пандемиясына жауап ретінде теңдесі жоқ ресурстарды тез жұмылдырды. Бүгін АҚШ шұғыл медициналық және гуманитарлық көмекті қаржыландыру үшін шамамен 274 миллион АҚШ доллар бөлгенін қуана хабарлаймын. АҚШ-тың жеке секторымен қатар, американдықтар осы пандемиямен күресте жетекші рөл атқаруда.

Бүгінгі таңда бөлінген 274 миллион АҚШ доллары әлемдегі 64 аса қауіпті жағдайда болып отырған елдерді пандемиямен күресу үшін ресурстармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл қаражат Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасына әлемдегі ең осал топтарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа міндеттемелерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін шамамен 100 миллион АҚШ доллар кіреді. Қазіргі кезде оларға апаттан зардап шеккендерге жаңа халықаралық көмек ретінде 110 миллион АҚШ доллар кіреді, ол біздің денсаулық сақтау саласындағы төтенше шараларды қаржыландыруымен бірге әлемдегі 64 аса қауіпті жағдайда болып отырған елдерге ұсынылады. Біздің жауабымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасының (БҰҰ БЖКБ) гуманитарлық көмекке 64 миллион АҚШ долларын қосатынын атап өту маңызды, бұл әлемдегі ең осал топтардың пандемияға қарсы әрекетіне қолдау көрсетеді.

Бүгінгі таңда бөліңген қосымша қаражат АҚШ-тың жаһандық денсаулық сақтау және гуманитарлық көмек саласындағы бірнеше онжылдықтар бойы еткен жетекшілігіне негізделген. 2009 жылдан бастап АҚШ салық төлеушілері бүкіл әлемде медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін  100 миллиард АҚШ доллардан астам және гуманитарлық көмек көрсету үшін 70 миллиард АҚШ доллардан астам қаражат бөлді. Біздің еліміз әлемдегі денсаулық сақтау мен гуманитарлық көмек саласында ең ірі доноры болып қала бермек. Ол ұзақ мерзімді дамуды және серіктестермен әлеуетті күшейтуге, сондай-ақ қайталанатын дағдарыстар жағдайында төтенше шараларды қолдайды.

Америка Құрама Штаттары COVID-19 пандемиясына қарсы шараларды жалғастырады. Бұл қаржыландыру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ сияқты көпжақты ұйымдарға ұсынып отырған қаржыландыруға қосымша бастапқы инвестиция болып табылады. Бүгінгі инвестициядан басқа, 6 наурызда президент Трамп  Коронавируске дайындықты қамтамасыз ету және оған жауап ретінде қосымша қаражат бөлу туралы заңын қабылдады, ол әлемдегі елдерге осы пандемияға қарсы әрекет ету үшін қосымша 1,3 миллиард АҚШ доллары көлемінде сыртқы көмек қарастырады.

АҚШ компанияларға, үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) және қайырымдылық қорларға көрсетілген 1,5 миллиард АҚШ долларынан асатын жәрдем мен көмектің, сондай-ақ біздің шетелде жұмыс істейтін серіктестеріміздің керемет жұмысының арқасында біз осы өлім вирусына қарсы тұру үшін ел ретінде күш-жігерімізді жұмылдырып жатырмыз. Біз жаһандық жауап күштерін одан әрі арттыру үшін басқа донорлардың сөзсіз қосқан үлестерін құптаймыз.

Біздің COVID-19 пандемиясына жауап берудегі көшбасшылығымыз Американың, оның ішінде біздің үкіметіміздің, компанияларымыз бен ұйымдарымыздың және адамдарымыздың әлемдегі ең үлкен гуманист болып қала беретіндігінің тағы бір мысалы болып табылады. Қолда бар ресурстардың, қосымша қаржыландырудың, жеке сектордың және американдықтардың жомарт рухының арқасында Америка Құрама Штаттары осы қауіпті патогенмен және оның жаһандық денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке төнетін қатерімен күресті одан әрі жалғастырады.

Бұл аударма пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін ұсынылған, тек ағылшын тіліндегі түпнұсқа мәтіні ресми деп саналуы керек.

 

https://kz.usembassy.gov/

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *