Tүркі Кеңесінің Бас Хатшысы Түркия Республикасының Вице-Президентімен кездесті

2021 жылғы 20 ақпанда Анкарада Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октай Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады.
Кездесуге Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысты.
Кездесу барысында Бас Хатшы Вице-Президентті Түркі Кеңесінің қызметі, сондай-ақ Хатшылықтың алдағы кезеңге арналған ұзақ мерзімді жоспарлары мен жобалары туралы хабардар етті.
Осы тұрғыда Бас Хатшы Вице-Президентке Хатшылық 2019 жылы Бакуде өткен саммитте түркі мемлекеттері басшыларының тиісті шешімі негізінде дайындаған “Түркі Кеңесінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы және түркі әлемінің келешегі-2040” құжатын ұсынды.
Бас Хатшы түркі әлемі мен мүше мемлекеттер соңғы екі жылда қол жеткізген маңызды жетістіктерінің арқасында нығая түсті деп мәлімдеді; бірінші кезекте Әзірбайжан жерін оккупациядан босатудың және Түркі кеңесі аясында ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Б.Әміреев вице-президентті Түркістанда Түркі Кеңесінің бейресми саммитіне, сондай-ақ 2021 жылы Ыстамбұлда өткізу жоспарланып отырған 8-ші саммитке дайындық туралы хабардар етті.
Вице-Президент Фуат Октай “Түркі Кеңесінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы және түркі әлемінің келешегі-2040” құжаты түркі әлеміндегі терең ынтымақтастық үшін маңызды жол картасына айналатынын және мүше мемлекеттер арасындағы түрлі салалардағы болашақ қарым-қатынастардың негізін ұсынатынын мәлімдеді.
Түркі Кеңесінің соңғы жылдардағы маңызды рөлін атап өткен вице-президент Октай Хатшылық түркі әлемінде қол жеткізілген серпінді сақтап, дамытып, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен ниеттестікті арттыруда маңызды рөл атқаруды жалғастыруы керек екенін атап өтті.
Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығы аталып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Әсіресе, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және тағы басқа салалар жөнінде өзара тиімді тетіктер талқыланып, осы бағыттағы жұмыстарды бауырлас халықтардың игілігі үшін бұдан әрі жалғастыруға келісілді.
Вице-Президент пен Бас Хатшы халықаралық және өңірлік саяси өмірдің бірқатар өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *